Инчхон-2014. Пневматикалық винтовкадан оқ ату бәсекесінде қазақстандық спортшылар іріктеуден өте алмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инчхон-2014. Пневматикалық винтовкадан оқ ату бәсекесінде қазақстандық спортшылар іріктеуден өте алмады

23.09.2014
Инчхон-2014. Пневматикалық винтовкадан оқ ату бәсекесінде қазақстандық спортшылар іріктеуден өте алмады

Бүгін Азия ойындарында мергендер сайысы жалғасын тапты. 10 метр қашықтықта пневматикалық винтовкадан оқ ату бәсекесінің іріктеу кезеңінде алғашқы үш орынды қытайлық спортшылар иеленді.

Қазақстандықтар арасынан ең үздік нәтижені Юрий Юрьков көрсетті. Ол небәрі 16-шы орыннан көрінді. Игорь Пирекеев  26-шы, Ратмир Миндияров – 41 орынды қанағат тұтты. Іріктеу кезеңіне 53 спортшы қатысты.  Ал, финалдық сайысқа тек үздік сегіз спортшы жолдама алды.

Фото: sk-sport.kz

 

Хабарламаларға жазылу