Су добы. Қазақстан мен Жапония 7:7 есебімен тең түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су добы. Қазақстан мен Жапония 7:7 есебімен тең түсті

22.09.2014
Су добы. Қазақстан мен Жапония 7:7 есебімен тең түсті

Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық ватерполшы қыздар екінші ойынын Жапония құрамасымен өткізді.

Бұл ойын  7:7 (3:2, 1:3, 2:2, 1:0) есебімен аяқталды.

Ертең қазақстандық қыздар Сингапурмен кездеседі, ал төртінші ойындағы қарсыласы  - Қытай құрамасы.

Айта кетейік, алғашқы ойында Қазақстан құрамасы Өзбекстан құрамасын 14:8 есебімен ұтқан еді.

Хабарламаларға жазылу