Күрес түрлерінен Әлем чемпионаты жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Күрес түрлерінен Әлем чемпионаты жалғасуда

13.09.2014
Күрес түрлерінен Әлем чемпионаты жалғасуда

Күрес түрлерінен Ташкентте  Әлем чемпионатының соңғы күндері өтуде.  Әйелдер күресінде 63 келіде белдескен жерлесіміз Ольга Калинина бірінші айналымда италиялық қарсыласынан ойсырай ұтылды.

Ал, грек-рим күресінде 75 келіде Рашид Кочиев алғашқы кездесуінде Венесуэла палуанына жол берді. Сол секілді тәжірибелі Андрей Самохинда бірінші айналымда Қытай спортшысынан жеңіліп қалды.

Айта кетейік,  Әлем чемпионаты аясында Біріккен күрес әлемінің Ғылыми тәжірибелік конференциясы өтіпп, күрес ережесі мен салмақ дәрежелеріне енген өзгерістер  талқыланды.

Сонымен қатар,  жиында Бірікен күрес әлемінің президенті Ненад Лалович пен Бюро мүшесі Дәулет Тұрылхановқа Өзбекстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру және академиясының құрметті профессоры атағы берілді.

 

Рүстем БАЙДӘУЛЕТ

Хабарламаларға жазылу