Атырауда жекпе-жектен ҚР чемпионаты аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда жекпе-жектен ҚР чемпионаты аяқталды

02.09.2014
Атырауда жекпе-жектен ҚР чемпионаты аяқталды

Атырауда жекпе-жектен ересектер арасында ел чемпионаты мәресіне жетті.

Сайысқа еліміздің барлық аймағынан 200-ге жуық спортшы қатысып, 9 салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздарды анықтады.

Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша жергілікті спортшылар 6 алтын, 2 күміс, 6 қола жүлде жеңіп алып, бейресми жалпыкомандалық есепте топ жарды.

Екінші орынға Маңғыстау облысы көтерілсе, үздік үштікті ақтөбелік жекпе-жек шеберлері түйіндеді.

Индира БЕКТЕНОВА

 

Хабарламаларға жазылу