Әлемдік велосапар Ақмола облысына жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдік велосапар Ақмола облысына жетті

23.08.2014
Әлемдік велосапар Ақмола облысына жетті

«Әлем дәрігерлері ядролық соғысты болдырмау үшін» атты халықаралық  қозғалысы Ақмола облысына жетті. Спорттық шараның басты мақсаты - әлемде ядролық қаруланудан бас тарту идеясын насихаттау. Он үш елдің спортшысы атсалысып жатқан шара 24 тамыз күні мәресіне жетеді. 

Дүниежүзілік конгрес өз жұмысын 9 тамызда Семейде бастаған болатын. Бүгін жас дәрігерлер Ақмола облысы, Целиноград ауданына ат басын тіреді. Қозғалыс белсенділері велосапар арқылы қазіргі таңдағы ядролық қаруды қолдану мәселелеріне алаңдайтындықтарын көрсетті.

Аталған шараға барлығы 19 адам қатысуда. Оның 13-і шетел азаматтары. Целиноград ауданы, Софиевка ауылының тұрғындары Германия, Австрия, Эстония, Үндістан, Кения, АҚШ, Непалдан келген қонақтарды шашумен қарсы алды.  

Саламат ОМАШ

Хабарламаларға жазылу