Алматыда өрт сөндіру-құтқару спортынан Әлем чемпионаты өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда өрт сөндіру-құтқару спортынан Әлем чемпионаты өтеді

20.08.2014
Алматыда өрт сөндіру-құтқару спортынан Әлем чемпионаты өтеді

Қыркүйектің 4-і мен 9-ы аралығында  Алматыда өрт сөндіру-құтқару спортынан Х Әлем чемпионаты өтеді.

15 мемлекеттің   500-ге жуық үздік өрт сөндірушілері мен құтқарушылардың басын қосатын додаға дайындық күшейді.

Бүгін ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары  Владимир Божко жарысты Ұйымдастыру комитетінің жұмысымен танысты.

Қазір спортшыларды орналастыратын бесжұлдызды қонақүйлер мен оларды тасымалдайтын көліктер бекітілді.

Биылғы чемпионаттың ерекшелігі - додаға  тұңғыш рет әйелдер командасы қатысатын  болады.  

 

Айгүл ЕРМАХАН

Хабарламаларға жазылу