Таразда еркін күрестен халықаралық турнир аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда еркін күрестен халықаралық турнир аяқталды

29.07.2014
Таразда еркін күрестен халықаралық турнир аяқталды

Таразда Дінмұхамед Қонаевты еске алуға арналған халықаралық турнир аяқталды. Биыл сегізінші рет өткен жарысқа  9 мемлекеттен қатысушылар келіп, 8 салмақтағы жүлделерді сарапқа салды.

Оның алтауында қазақстандық спортшылар жеңіске жетті. 57 келі салмақта Сана Артас жеңімпаз атанды.  Дәулет Ниязбеков 61 келіге дейінгі салмақта топ жарды. 

Нұрлан Бекжанов финалда Данияр Қайсеновті жеңіп, 70 келіде чемпион атанды.  Ал, 74 келі салмақта  Ғалымжан Өсербаев, 97 келіде Ермұхамет Іңкәр алдына жан салмады.

125 келі салмақта Дмитрий Попов қарсылас шыдатпады. Жарыстың жалпы қорытындысы бойынша қазақстандықтар 18 жүлде иеленді.

Рүстем БАЙДӘУЛЕТ

 

             

Хабарламаларға жазылу