Батыс Қазақстан облысында халық спорты ойындары өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысында халық спорты ойындары өтті

29.07.2014
Батыс Қазақстан облысында халық спорты ойындары өтті

Батыс Қазақстан облысында халық спорты ойындары өтті. Төрт жылда бір келетін жарысқа 1500-ден астам адам қатысты. Оның қорытындысы бойынша, қала мен әр аудандағы спорттың даму қарқыны анықталады.

Сондай-ақ,  Өскеменде өтетін республикалық бәсекеде бақ сынайтын облыс құрамасы жасақталды. Спорттың тоғыз түрі бойынша өткен доданың басты жаңалығы қазақ күресінен тұңғыш рет қыздар бәсекесінің өткізілуі. Бозкілемдегі арулар белдесудің әдіс-амалын тым-тәуір меңгергенін көрсетті.

Артур Шерғалиев,  қазақ күресінен аға төреші:

Осы жарысқа ерлерден 70-тен аса, ал қыздардан 35-тен астам спортшы қатысып жатыр. Спортшылар қазақша күрес дәстүрімен таза ауада, боз кілемде белдесуде.

 

Хабарламаларға жазылу