«Тур де Франс» велобәйгесінің 19-шы кезеңі аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тур де Франс» велобәйгесінің 19-шы кезеңі аяқталды

26.07.2014
«Тур де Франс» велобәйгесінің 19-шы кезеңі аяқталды

«Тур де Франс» велобәйгесінің 208 шақырымға созылған 19-шы кезеңінің жеңімпазы анықталды. Ол - литвалық шабандоз Рамунас Навардаускас, оның уақыты 4 сағат 43 минут 11 секунд. Жеңімпаздан 0,7 секунд кешіккен неміс спортшысы Ион Дегенкольб екінші орын алса, үшінші сатыға Катюша командасының өкілі Александр Кристофф жайғасты. Ал, жалпы есепте «Астана» командасының капитаны Винченцо Нибали  бірінші орында.

Хабарламаларға жазылу