«Барыс» хоккейшілері жаңа маусымға дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Барыс» хоккейшілері жаңа маусымға дайын

21.07.2014
«Барыс» хоккейшілері жаңа маусымға дайын

«Барыс» хоккей клубы команда сапына келіп қосылған жаңа екі ойыншыны таныстырды. Жаңа маусымда  қазақстандық клубтың намысын Кевин Дэллман және Словакия құрамасының қақпашысы Ян Лацо қорғайтын болды.

Бас бапкер  Андрей Назаров ойыншылар  команда мүшелерімен тіл табысып кеткенін айтты. Сондай-ақ, шешуші ойындарға жергілікті жас хоккейшілер қатысатын болды.

Андрей Назаров, «Барыс» ХК бас бапкері:

Биылғы маусымда команда алдында үлкен міндеттер тұр. Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңіне шығып, сәті түсіп жатса, финалға дейін жетуді көздейміз. Ол үшін тынымсыз еңбек етеміз.  

Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу