Паралимпиадашылар 9 алтын иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Паралимпиадашылар 9 алтын иеленді

02.07.2014
Паралимпиадашылар 9 алтын иеленді

Паралимпиадашылар жарады. Суда жүзу шеберлері Польшаның Щецин қаласында өткен   халықаралық турнирде 9 алтын, 11 күміс және 10 қола медаль иеленді.

Қуанышты хабарды  Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық Паралимпиялық комитеттің президенті Дархан Қалетаев жеткізді. 

Жарысқа 8 елден: Польша, Израиль, Германия, Эстония, Латвия, Мексика, Өзбекстаннан 170 спортшы қатысқан. 

Осылайша, біздің қыз-жігіттер алдағы күз айында Кореяда өтетін Азия ойындарына жолдама алды.

«Бұл - бірнеше жыл бойы жүргізген жұмыстың және мемлекет тарапынан паралимпиялық қозғалысқа көрсетіліп отырған қолдаудың нәтижесі»,- дейді мамандар.  

Дархан Қалетаев, Ұлттық Паралимпиялық комитет төрағасы: 

Халықаралық жарыстарда жеңген спортшыларға біз өзіміздің сый-сыяпатымызды көрсетіп жатамыз. Паралимпиадада жеңгендерге  берілетін қаражат олимпиадашылармен тең болуы жөнінде ұсыныс айтқан болатынбыз.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу