Нелли Ким Астанаға келді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нелли Ким Астанаға келді (ВИДЕО)

28.06.2014
Нелли Ким Астанаға келді (ВИДЕО)
Спорттық гимнастика аңызы Нелли Ким Астанада. Олимпиада ойындарының бес дүркін жеңімпазы «KAZsport» телеарнасының бір жылдығына орай Елордаға арнайы келіп отыр.
 
«KAZsport»  телеарнасының ұжымы өзінің көрермендеріне тосынсый дайындауда. 1 шілдеде «Біздің Киманэлли» атты деректі фильмнің тұсаукесері өтпек.
 
Режиссер Әсем Нұрланова бастаған топ АҚШ-та, сондай-ақ, Нелли Ким спорттағы алғашқы қадамын жасаған Алматы мен Шымкентте түсірілім жасаған.
 
Нелли Ким, Олимпиада ойындарының бес дүркін жеңімпазы:
Біз Қазақстанға 24 сағат ұштық. Бірақ менің спорттық ғұмырыма арналған фильмнің тұсаукесеріне қатысатыныма өте қуаныштымын. «KAZsport»   телеарнасының бір жылдығында бірге атап өтеміз. Туып өскен атамекенім Қазақстанды сағындым.
 
 
Индира БЕКТЕНОВА
 

Хабарламаларға жазылу