Ертең «Қазақстан Барысы-2014» анықталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең «Қазақстан Барысы-2014» анықталады

28.06.2014
Ертең «Қазақстан Барысы-2014» анықталады
Ертең Астанада «Қазақстан барысы-2014» анықталады. Дәстүрлі сайысқа биыл 33 палуан қатысатын болған. Бірақ оның төртеуі допингпен ұсталса, бір үміткер іріктеу кезеңдерінде ереже бұзған.
 
Нәтижесінде 28 спортшы «Қазақстан Барысы» атағын сарапқа салатын болды. Олардың қатарында Бейбіт Ыстыбаев пен Айбек Нұғымаров және Шалқар Жоламанов бар.
 
Палуандар сайысын көрермен қауым «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасынан 29 маусым, жексенбі, сағат 13:00-де тікелей эфирден көре алады.
 
 
Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу