Футбол. Гана - Оңтүстік Корея 4:0 - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футбол. Гана - Оңтүстік Корея 4:0

10.06.2014
Футбол. Гана - Оңтүстік Корея 4:0
Футболдан Әлем чемпионатының басталуына екі күн қалды. Қазір әр елдің құрамалары дайындықтарын пысықтап, соңғы жолдастық кездеулерін өткізіп,  дүбірлі додаға дайындалуда. 
 
Гана құрамасы АҚШ-тың Майами қаласында Оңтүстік Корея футболшыларымен кездесті. Бұл ойында африкалық спортшылар қарсыластарын 4:0 есебімен ұтты. Айта кетейік, әлемдік додада Гана өз тобында Германия АҚШ және Португалия құрамасымен кездеседі.
 
 
Рүстем БАЙДӘУЛЕТОВ

Хабарламаларға жазылу