Астанада жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан турнир өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан турнир өтті

09.06.2014
Астанада жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан турнир өтті
Астана қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында жарыс өтті. Спорттық шараға Астана, Ақмола облысы, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облысының командалары қатысып, екі салмақ дәрежесінде мықтыны анықтады.
 
Сайыс даңқты зілтемірші Анатолий Храпатый атындағы «Алатау» спорт кешенінде өтті.
 
Осы бәсеке қарсаңында   Ауыр атлетика федерациясының қолдауымен кешен күрделі жөндеуден өткен болатын. 
 
Турнирдің басты мақсаты - қатысушылардың шеберлігін  шыңдап, салауатты өмір салтын насихаттау.
 
Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу