Бразилия - Панама - 4:0 - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилия - Панама - 4:0

04.06.2014
Бразилия - Панама - 4:0
 
Үлкен футбол мерекесінің басталуына 8 күн қалды. Жауапты сайыс алдында Бразилия мен Панама құрамалары жолдастық кездесу өткізді. 
 
Ойынның 26-шы минутында Әлем чемпионатының қожайындары сапынан Неймар есеп ашса, Даниэл Алвес нәтижені ұлғайтты.
 
Бұдан кейін Халк мергендігімен танылса, Виллиан кездесуге нүкте қойып, төртінші допты соқты.
 
Осылайша, Луис Фелипе Сколари шәкірттері 4:0 есебімен жеңіске жетті. Бразилия Әлем чемпионатында Хорватия, Мексика, Камерунмен бірге бір топта өнер көрсетеді.
 
Әлем чемпионатының салтанатты ашылу рәсімін көрермен қауым «Қазақстан» Ұлттық арнасы  және «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре алады.  

Хабарламаларға жазылу