Денис Тен қайырымдылық концертін өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Денис Тен қайырымдылық концертін өткізді

04.06.2014
 
Жақында ғана Алматы мен Астана қалаларында әлем жұлдыздарының қатысуымен өткен  «Олимпиада энергиясы» шоуынан түскен қаржы  қатерлі ісікпен ауыратын 6 жастағы Жанбай Нұртасты емдеуге жұмсалады.
 
Бұл туралы бүгін  Алматыда Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері  Денис Тен айтты. Астанадағы шоуды тамашалауға 3,5 мың адам жиналыпты. Денис Тен «осындай шараны келер жылы да ұйымдастыру ойымда бар», дейді.
 
Ал, бүгіннен бастап, Алматыда Олимпиада чемпионы, Әлемнің 4 дүркін чемпионы Алексей Ягудин мен Әлем чемпионы, Еуропаның үш дүркін чемпионы Бриан Жубер шеберлік сабақтары мен семинарлар өткізуде.
 
Қазақстанның түкпір-түкпірінен іріктеліп алынған 20 бала 5 күн бойы білікті мамандардан дәріс алады.
 
Ондағы мақсат - Қазақстандағы жас спортшылардың дамып-өсуіне үлес қосып, күрделі жаттығуларды үйрету.
 
Алексей Ягудин, Олимпиада чемпионы:
Қазақ жерінде өткен концерттен үлкен әсер алдық. Мен де осы шоуға қатысқаныма қуаныштымын. Ал, біздің шеберлік сабақтарымыз Қазақстандағы мәнерлеп сырғанау спортының өсуі мен дамуына ықпал етіп, балалардың болашақта чемпион болуына септігін тигізеді, деп сенеміз.
 
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу