Юлия Галышева спорт агенттігінің сыйақысы туралы білмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Юлия Галышева спорт агенттігінің сыйақысы туралы білмейді

06.05.2014
Юлия Галышева спорт агенттігінің сыйақысы туралы білмейді
  ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің басшысы Тастанбек Есентаев фристайлшы қызға 7-ші орын алғанына қарамастан сыйақы берілетінін айтқан.
 
«Біз Галышеваны жүлдесіз қалдырмаймыз, бізде демеушілер бар. Юлияны қолдаудың амалын табамыз» - деген еді агенттік төрағасы.
 
Алайда Юлия Галышева ешқандай сыйақы туралы білмейді.
 
«Маған берілетін жүлде туралы естіген де, оқыған да жоқпын. Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінен де ешкім хабарласпады» - деген спортшы Tengrinews.kz тілшісіне.

Хабарламаларға жазылу