Алексей Полторанин мен Николай Чеботько жүлдеге таласады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алексей Полторанин мен Николай Чеботько жүлдеге таласады

06.05.2014
Алексей Полторанин мен Николай Чеботько жүлдеге таласады
  Бүгін Сочи Олимпиадасында шаңғы жарысынан ерлер арасындағы командалық спринт бәсекесі өтеді. Жартылай финалға 23 құрама тіркелген.
 
Ел намысын қорғайтын Алексей Полторанин мен Николай Чеботько жұбы 14-ші реттік нөмірін алды. Олар «В» тобында жарысқа түседі.
 
Қарсыластары  - Швеция, Ресей, Франция, Финляндия, АҚШ, Польша, Жапония, Словакия, Болгария, Австралия және Украина құрамалары.
 
Командалық спринт жарысы «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Жартылай финалдың басталу уақыты – 15:05.
 
Букмекерлер қазақстандық шаңғышылардың жеңіске жетуі мүмкіндігін  – 7,5 коэфициентке бағалап отыр. Олардың пікірінше жүлделі орынға – Ресей (2,3), Норвегия (3,7) және Швеция (5) ие болуы мүмкін.

Хабарламаларға жазылу