Брюссель Еуро-2020 матчын өткізуден үмітті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Брюссель Еуро-2020 матчын өткізуден үмітті

25.04.2014
Брюссель Еуро-2020 матчын өткізуден үмітті
EXPO өткізуде елімізге есе жіберген Бельгия бұл жолы Еуро-2020 матчтарын Брюссельде өткізуді жоспарлап отыр. Елдің Футбол федерациясының басшысы Франсуа Де КерсмакерУЕФА-ға осындай ұсыныс білдірді.
 
Естеріңізге сала кетейік, футболдан Еуропа чемпионатын әлемнің 13 қаласында ұйымдастыру жоспарланған. Үміткерлердің қатарында Астана да бар. Байрақты бәсекеде жеңіске жету үшін Бельгия үкіметі «Астана-Арена» стадионынан кем түспейтін 45 мың орындық стадион салуы тиіс.  
 
Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу