Бүгін – ақын Нұрлан Қалқаның туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – ақын Нұрлан Қалқаның туған күні

13.07.2016
Бүгін – ақын Нұрлан Қалқаның туған күні

Бүгін - Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері күні. 1992 жылы 13 шілде күні ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) құрылды.

13 шілде, сәрсенбі, 2016 жыл

3 жыл бұрын (2013) «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында ТЖҚ қызметкерлері туралы «Құтқарушылар» телехикаясы эфирге шықты.

9 жыл бұрын (2007) Таразда облыстық Ұлттық қауіпсіздік органдарының тарихи мұражайы ашылды.

9 жыл бұрын (2007) Қарағандының бұрынғы Наркомхоз ғимаратына Қазақ КСР Еңбек сіңірген шахтері, Мемлекет қайраткері Файзолла Серғазинге арналған мемориалдық тақта орнатылды.

21 жыл бұрын (1995) Елбасы Н.Назарбаевтың «Алматы қаласында Тәуелсіздік ескерткішін орнату туралы» Қаулысы жарық көріп, сәулетші Ш.Уәлиханов басқаратын авторлар тобы әзірлеген жоба мақұлданды.

24 жыл бұрын (1992) ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) құрылды.

49 жыл (1967) бұрын ақын, публицист, журналист Нұрлан Қалқа дүниеге келді.

66 жыл бұрын (1950-2007) жазушы Әлібек Көбентаев дүниеге келді.

 

93 жыл бұрын (1923) Лос-Анжелесте Маунт-Ли тауының бөктерінде Hollywood жазуы пайда болды.

119 жыл бұрын (1897) Гульельмо Маркони радиоға патент алды.

Хабарламаларға жазылу