Еркін күрестен ел чемпионаты өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еркін күрестен ел чемпионаты өтуде

15.03.2014
Еркін күрестен ел чемпионаты өтуде

Өскеменде еркін күрестен жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты жалғасуда. Жарыстың екінші күні бозкілемде ер балалар бақтарын сынауда. Әр белдесу қызықты және тартысқа толы өтуде. 

 
Ал, бәсекенің алғашқы күнінде өткен белдесулердің қортындысына келсек, өз салмақтарында Гүлсамал Нұрлан, Жұпар Төлеубекова, Алтынай Сатылған, Назерке Рысбекова, Мерей Дүйсеновалар алтыннан алқа тақты. 
 
Ал 56 келіде Зарина Дәулеткелді мықты екенін байқатты. Айта кетейік, жалпы жарыс қорытындысы 18 наурызда белгілі болады.
 
 

Рүстем БАЙДӘУЛЕТОВ

Хабарламаларға жазылу