Денис Тен оқушылармен жүздесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Денис Тен оқушылармен жүздесті

11.03.2014
Денис Тен оқушылармен жүздесті

Бүгін Астана қаласында Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен Оқушылар сарайында тәлім алатын жеткіншектермен кездесті. Мәнерлеп сырғанау спортын серік еткендер және болашақта журналист боламын деген балғындар Олимпиада жүлдегеріне көкейінде жүрген сұрақтарын қойып,  тұшымды жауап алды.   

 
Сондай-ақ жиын барасында қатысушылар Денис Тенмен естелік суретке түсіп, қолтаңба алды. Әрине шараның басты мақсаты -  жасөспірімдерді қысқы спорт түрлеріне баулу, олардың мәнерлеп сырғанау спортына деген қызығушылығын арттыру.
 
Денис Тен, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері:
Бұл кездесуден ерекше әсер алдым. Мәнерлеп сырғанаушылардың саны көбейді деген үміттемін. Жетінші Азия ойындарынан кейін елімізде қысқы спорт түріне деген қызығушылық артты.
 
 
Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу