Чемпиондар лигасы:«Зенит»-«Боруссия» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чемпиондар лигасы:«Зенит»-«Боруссия»

26.02.2014
Чемпиондар лигасы:«Зенит»-«Боруссия»

Футболдан Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясында санктпетербургтік «Зенит» өз алаңында дортмунттық «Боруссияны» қабылдап, 4:2 есебімен жеңілді. «Петровский» стадионында өткен тартысты бәсекеде ең алғашқы голды 4-ші минутта Генрих Мхитарян салды.

Арада 1 минут өткенде, Марко Ройс есепті еселеді. Ал екінші таймда «Зенит» сапындағы Олег Шатов «Боруссия» қақпасынан саңылау тапты. Бірақ, бұл көрсеткіш ұзаққа созылмады. 61 минутта Роберт Левандовский гол соғып, командасына 3-ші голды сыйлады. 69 минутта «Зенит» сапындағы Халк пенальтиді сәтті орындап, есепті 3:2 жеткізсе.
 
Левандовский тағы гол соғып, дубль авторы атанды. Қорытынды есеп – 2:4. Сондай ақ, «Олимпиакос» өз алаңында «Манчестер Юнайтедті» қабылдап, 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Хабарламаларға жазылу