Плющенко: омыртқаға жасалатын отаны тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Плющенко: омыртқаға жасалатын отаны тікелей эфирде көрсетеді

24.02.2014
Плющенко: омыртқаға жасалатын отаны тікелей эфирде көрсетеді
Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Евгений Плющенко Олимпиада ойындарында ерлер арасындағы сайысқа омыртқасы ауырып, қатыспаған болатын.
 
«Барлығы 2-ші наурыз күні маған ота жасалатынын білетін шығар. Омыртқамдағы төрт бұранданың сынып кеткенін шығарып алады. Мен отаның қалай жасалатынын барлығына көрсеткім келеді» - деді спортшы.
 
Естеріңізге сала кетейік, Евгений Плющенко 2013 жылы Загребте өткен Еуропа чемпионатында жарақаттаған. Ал Сочидегі Олимпиада кезінде денсаулығы тағы да сыр берді.

Хабарламаларға жазылу