Сочи-2014: Бүгін қазақстандықтар шорт-тректен финалдық эстафетаға шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сочи-2014: Бүгін қазақстандықтар шорт-тректен финалдық эстафетаға шығады

21.02.2014
Сочи-2014: Бүгін қазақстандықтар шорт-тректен финалдық эстафетаға шығады

Сочи Олимпиадасында бүгін қазақстандық спортшылар шорт-тректен 5000 метрлік финалдық эстафетаға шығады.

Топқа 5 спортшы - Абзал Әжіғалиев, Айдар Бекжанов, Аслан Дәуімов, Нұрберген Жұмағазиев және Денис Никиша кіреді. Жарыс «Айсберг» Спорт сарайында Астана уақытымен түнгі сағат 00:18-де басталады.

Оған дейін қазақстандық биатлоншылар соңғы жарысқа шығады. Эстафетаға біздің 4 спортшымыз - Галина Вишневская, Елена Хрусталева, Дарья Усанова, Марина Лебедева қатысады. Олардың әрқайсысы 6 шақырымды бағындыруы тиіс.

Шаңғы және биатлон жарыстары «Лаура» кешенінде сағат 20:30-да басталады.

Хабарламаларға жазылу