Бокстан «Төрт елдің Кубогы» атты жарыс өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бокстан «Төрт елдің Кубогы» атты жарыс өтуде

17.02.2014
Бокстан «Төрт елдің Кубогы» атты жарыс өтуде
Астанада бокстан Ұлттық құрамалар арасында «Төрт елдің Кубогы» атты дәстүрге айналған кездесулер өтуде. Аталған жарыста ел құрамасы бұл жарысқа алғаш рет қатысып жатқан Ұлыбритания құрамасын 8:2 есебімен тізе бүктірді.
 
Қазақстандықтардың қатарында Біржан Жақыпов, Әділбек Ниязымбетов, Данияр Елеусінов сынды мықтылар бар. 
 
Сол секілді Өзбекстан құрамасы Ресей боксшыларынан 6:4 есебімен басым түсті.  Бұған дейін осы жарыста Әзірбайжан, Франция және Үндістан елдерінің спортшылары да қатысқан. Төртінші рет ұйымдастырылып отырған жарыстың жалпы қорытындысы 19 ақпанда белгілі болады.

 

 

Хабарламаларға жазылу