Ердос Ахмадиевтың алғашқы бәсекесі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ердос Ахмадиевтың алғашқы бәсекесі

14.02.2014
Ердос Ахмадиевтың алғашқы бәсекесі
  Бүгін Сочи Олимпиадасында 15 шақырымдық шаңғышылар сайысына Ердос Ахмадиев қатысады. Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында еліміздің көк Туын ұстап шыққан шаңғышы намысты қолдан бермеуге тырысады.
 
Өз елінің Туын ұстап шығу – әр спортшының арманы. Сонымен қатар, бұл міндет жауапкершілік жүктейді.  Олимпиада ойындарында алғаш рет бақ сынайтын спортшы спорттық карьерасындағы ең үздік нәтижені көрсетуге ниетті.
 
«Елімнің үмітін ақтауға тырысамын. Үш жыл бойы атақты шаңғышы  Владимир Сахнов жаттықтырды. Дайындық кезеңін жарақатсыз өткіздім. Жарыс қорытындысы бойынша ондыққа енуді қалаймын. Дегенмен, Олимпиадада осал спортшылар жоқ», - дейді Ердос Ахмадиев.
 
Классикалық стильдегі 15 шақырымдық жарысты «KAZsport» телеарнасы 15:40-та тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу