Қазақ радиосы үздік прозалық шығармаларға байқау жариялайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ радиосы үздік прозалық шығармаларға байқау жариялайды

12.07.2016
Қазақ радиосы үздік прозалық шығармаларға байқау жариялайды

Бүгіннен бастап ұлттың үнжарғысы – Қазақ радиосы 95 жылдық мерейтойы мен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай үздік прозалық шығармаларға байқау жариялайды.

Байқау шарты бойынша, үміткерлер кез-келген тақырыптағы шығармаларын #Қазақрадиосы_95 #Қазақрадиосы95 хештегтері арқылы әлеуметтік желілерге жариялауы тиіс (Қазақ радиосының әлеуметтік желілердегі (Фейсбуктегі @kazfm, Инстаграмдағы @qazaqradiosy) парақшасын міндетті түрде белгілеулері қажет). Ал, шығарманың түпнұсқасы kaz95@kaztrk.kz поштасына жіберіледі. ЕСКЕРТУ: шығарма көлемі 4-5 беттен аспауы керек (14 қаріппен).

«Үздік» деп танылған шығармалар Қазақ радиосы мен «Шалқар» ұлттық радиосының эфирлерінен беріледі.

Жеңімпаздарды арнайы тағайындалған қазылар алқасы анықтайды. Қазылар алқасының мүшелері: Қазақ радиосының директоры Махат Садық, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Жанарбек Әшімжан және халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, сыншы Амангелді Кеңшілікұлы.

Жеңімпаздар жүлдемен марапатталады.

Жобаның жауапты редакторлары Мұхамедияр Рашай және Қуаныш Кәрім.

Байланыс телефоны: 8 (717) 2 55-33-26;

Хабарламаларға жазылу