Қыздар арасында бокстан ел біріншілігі өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қыздар арасында бокстан ел біріншілігі өтуде

13.02.2014
Қыздар арасында бокстан ел біріншілігі өтуде
  Орал қаласында қыздар арасында бокстан Қазақстан чемпионаты өтуде. Жарысқа 13 облыс пен Алматы және Астана қалаларынан 186 былғары қолғап шебері қатысуда.
 
15-пен 18 жас аралығындағы бойжеткен боксшылар бас-аяғы 23 салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсетуде. Бұл жарыс дүниежүзілік додаға сұрыптау сыны болып саналады.
 
Сондықтан, барша аймақтың командалары біріншілікке тас түйін дайындықпен келген. Шаршы алаңдағы жекпе-жектер де тартысқа толы. Жақсы нәтижені қазір Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарының құрамалары көрсетуде.
 
Болат Ниязымбетов, Ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы:
Талантты бокшыларды іздеу үстіндеміз. Чемпионатта өте жақсы талантты қыздар көрінуде. Енді келесі жылы бізде осы жастар, жасөспірімдер арасында Әлем чемпионаты өтеді. Ал биыл Қытайда өтетін Олимпиада ойындарына дайындығымыз жаман емес.
 
Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу