Роман Креч 7-ші орынды місе тұтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Роман Креч 7-ші орынды місе тұтты

10.02.2014
Роман Креч 7-ші орынды місе тұтты
Сочи Олимпиадасында конькимен жүгіруден ерлер арасындағы 500 метрлік қашықтықтағы жарыс аяқталды. Бұл бәсекеде ел намысын қорғаған  Роман Креч 7-шы орынды иеленді.
 
Екі айналым қорытындысы бойынша қазақстандық спортшының көрсеткіші - 70.048  секунд. Ол бұл бәсекеде топ жарған голландиялық Мишель Мюллерден  +0.73 секунд қалып қойды. Ал Ян Смееканс «күміс», Роналд Мюллер «қоланы» еншіледі.
 
Конькимен жүгіру. Ерлер. 500 метр. Финал. Олимпиада ойындары. Сочи, Ресей.
1. Мишель Мюллер (Голландия) 69.31
2. Ян Смекенс (Голландия) +0.01
3. Роналд Мюллер (Голландия) +0.15
 
7. Роман Креч (Қазақстан) +0.73

Хабарламаларға жазылу