Бірінші айналым қорытындысы бойынша Роман Креч 9-шы орында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бірінші айналым қорытындысы бойынша Роман Креч 9-шы орында

10.02.2014
Бірінші айналым қорытындысы бойынша Роман Креч 9-шы орында
Сочи Олимпиадасында конькимен жүгіруден ерлер арасындағы 500 метрлік қашықтықтың бірінші айналымы аяқталды. Оның қорытындысы бойынша  мәреге 35,04 секунд уақытта жеткен қазақстандық Роман Креч  9-шы орында.
 
Ол бірінші айналым көшбасшысы голландиялық Ян Смекенстен +0,45 секунд қалып қойды. Екінші орында - тағы бір голландиялық Мишель Мюллер. Ал жапониялық Кэйтиро Нагасима үшінші нәтижені көрсетті.
 
Конькимен жүгіру. Ерлер. 500 метр. Бірінші айналым. Олимпиада ойындары. Сочи, Ресей.
1. Ян Смекенс (Голландия) 34.59
2. Мишель Мюллер (Голландия) +0,04
3. Кэйтиро Нагасима (Жапония) +0,20
 
9. Роман Креч (Қазақстан) +0,45

Хабарламаларға жазылу