Шығысқазақстандықтар спортшыларға сәт-сапар тіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығысқазақстандықтар спортшыларға сәт-сапар тіледі

10.02.2014
Шығысқазақстандықтар спортшыларға сәт-сапар тіледі
Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары Сочидегі Қысқы Олимпиадалық ойындарда бақ сынайтын отандастарымызға сәттілік тілейді. Біздің спортшыларымыздың байрақты бәсекеде бағы жанып, бабы келісіп, жеңіс тұғырынан көрінетіндеріне сенімді.
 
Төрт жылда бір келетін Олимпиадада ел намысын қорғайтын ұлттық құрама сапындағы спортшылардың басым бөлігі осы өңірден. Оларды спорт саласындағы әріптестері мен жанкүйерлер жеңіспен күтіп отыр.
 
Мирас Байырханов, бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері:
Сочи Олимпиадасында ел намысын қорғайтын жерлестерімізге сәттілік тілеймін.Спортшыларымыз өз шеберліктерін көрсетіп, тартысты додада мүмкіндіктерін қалт жібермей, жанкүйерлерін қуанта берсін, демекпін. Біз сіздерге тек жеңіс тілейміз, сіздерді қолдаймыз, күтеміз, сенеміз.
 
Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу