Шаңғы жарысының нәтижесі бойынша ресейліктер шағымы қабылданбады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шаңғы жарысының нәтижесі бойынша ресейліктер шағымы қабылданбады

09.02.2014
Шаңғы жарысының нәтижесі бойынша ресейліктер шағымы қабылданбады
Ресей құрамасының бапкерлері бүгін скиатлоннан ерлер арасында болған қорытындысымен келіспейтіндіктерін білдірді. Олардың пайымдауынша, ресейлік шаңғышы  Максим Вылегжаниннің мәре сызығын үшінші болып кесуіне, норвегиялық Мартин Йонсурд Сундбю кедергі келтірген.  Ал норвегиялық шаңғышыдан 0,01 секунд қалып қойған Максим Вылегжанин төртінші орында келді.
 
Дегенмен Ресей шаңғы федерациясы наразылықты қабылдамау жөніндегі шешімге аппеляциялық шағым түсірмек.
 
Айта кетейік, бұл бәсекеде сынға түскен қазақстандық Алексей Полторанин жарысты 16-шы болып аяқтады.

Хабарламаларға жазылу