WSB. Шешуші жекпе-жекте Филипп Хргович жеңіске жетті (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

WSB. Шешуші жекпе-жекте Филипп Хргович жеңіске жетті (ВИДЕО)

08.02.2014
WSB. Шешуші жекпе-жекте Филипп Хргович жеңіске жетті (ВИДЕО)
«Астана арландары» мен «Мексика Гуэррерос»  кездесуінің тағдыры соңғы жекпе-жекте шешілді. Шешуші жекпе-жек аса ауыр салмақтағы боксшылар шаршы алаңға көтерілді. Сергей Корчинский бұл салмақта тәжірибелі хорватиялық легионер Филипп Хрговичке сенім артты.
 
Ал мексикалық команданың бас бапкері соңғы сәтте өзгеріс енгізіп, шаршы алаңға Ринат Рахимовты шаршы алаңға шығарды. Алайда бұл өзгеріс те мексикалықтарға көмектеспеді. Филипп Хргович қарсыласын бірінші раундта-ақ нокдаунға жіберді. Екінші кезеңде мексикалық боксшының бапкерлері жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.  Жалпы есепте «Астана арландары»  3:2 есебімен жеңіске жетті.

Хабарламаларға жазылу