Олимпиада күнделігі. 8 ақпан (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олимпиада күнделігі. 8 ақпан (ВИДЕО)

08.02.2014
Олимпиада күнделігі. 8 ақпан (ВИДЕО)
Сочиде өтіп жатқан XXII Қысқы ойындарға  соңғы үлгідегі техникалар тартылған. «Адлер Арена» спорт кешенінің жетекшісі Дмитрий Григорьев «KAZsport» телеарнасына арнайы сұхбат берді.
«Әр жердің өз табиғатына сай мұзы да бөлек болады». Дмитрий Григорьев конькимен жүгіру спортында мұздың тегіс болуына айрықша назар аударылғанын айтты.
 
Осы спорт түрінен Қазақстан атынан сынға түсетін Дмитрий Бабенконың ата-анасы Сочиге арнайы келіпті. «Ел мерейін үстем ететін сайыста спорт сарайына келіп, қолдағанның жөні бөлек», дейді олар.
Дмитрий Бабенко – ұзақ қашықтықта жарысқа қатысатын қазақстандық жалғыз спортшы.
 
Ұлттық құрама мүшелері Сочиде өздерін жақсы сезінетіндіктерін айтуда. Олардың айтуынша, ол жақтың ауа райы Алматыға ұқсас.
 
Мұнда қазір 123 мемлекеттен тіркелген 92 телерадио компаниясының өкілдері қызмет атқаруда. Олардың арасында  «KAZsport» телеарнасының тілшілері де бар.

Хабарламаларға жазылу