Қазақстандық биатлоншылар үздіктер қатарына енбеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық биатлоншылар үздіктер қатарына енбеді

08.02.2014
Қазақстандық биатлоншылар үздіктер қатарына енбеді
Биатлоннан 10 шақырымға созылған бәсекеде қазақстандық спортшылар Ян Савицкий 39-шы, Сергей Наумик 59-шы,  Антон Пантов 80-ші және Диас Кенешев 87-ші келді. 
 
Бұл жарыста норвегиялық Уле Эйнеар Бьёрндален оқ атудан бір рет мүлт кетіп, мәреге 24 минут 33,5 секундте жетті. Екінші орынды австриялық Доминик Ландертингер иеленді. Ал үздік үштікті чех Ярослав Соукуп қорытындылады.
 
40 жастағы Бьёрндален төртінші Олимпиада ойынында топ жарды. Ол бұған дейін 1998 жылы Наганода, 2002 жылы Солт-Лейк-Ситиде, 2010 жылы Ванкуверде жеңіс тұғырынан көрінді.
 
1. Уле Эйнеар Бьёрндален (Норвегия) 24:33.5
2. Доминик Ландертингер (Австрия) +1.3
3. Ярослав Соукуп (Чехия) +5.7
 
43. Ян Савицкий (Қазақстан) +1:39.5
59. Сергей Наумик (Қазақстан) +2:22.0
80. Антон Пантов (Қазақстан) +3:31.5
87. Диас Кенешев (Қазақстан)  +5:33.3

Хабарламаларға жазылу