Такси жүргізушілері мен курьерлерге қатысты жаңа ереже бекітіледі
Еңбек министрлігі такси қызметі мен курьерлердің құқығын қорғайтын ережелерді бекітпек. Енді оларға жұмыс ұсынып отырған платформаларға бақылау күшейеді. Мәселен, қазір кей жағдайларда Яндекс не Индрайвер такси жүргізушілерін өз базасынан арадағы келісімшартты не себепті үзгенін түсіндірмей-ақ шығарып тастайды, дейді министрлік. Енді мұндайға жол берілмейді. Платформалар жазбаша түрде себебін түсіндіруге міндетті. Ал бас тартса, өзін өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтар сотқа жүгіне алады.
Азамат Килибаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің департамент басшысы:
Сондай-ақ платформалар әр тапсырыстан кейін комиссия ретінде қанша қаржы ұстап қалғаны жөнінде есеп беруі тиіс. Такси қызметі, курьерлер – өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған. Бірақ еңбек қатынастарына келгенде барлық азаматтардың құқығы тең қорғалуы тиіс. Жаңа ережелер жыл соңына дейін бекітілуі мүмкін.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ертең үстел теннисінен ҚР Президентінің кубогы басталады
14.09.2026, 20:28
Елена Рыбакина – Әлемнің бірінші ракеткасы
14.09.2026, 20:28
Атырауда садақ атудан Әлем кубогы өтіп жатыр
14.09.2026, 20:25
«Жоғалған есім»: Жаңа отандық телехикая эфирге шығады
14.09.2026, 20:23
Ақтөбе облысында денсаулық сақтау саласындағы үш жобаға 5,7 млрд теңге бөлінді
14.09.2026, 20:18
ШҚО-да Құс фабрикасы өз қаражатына саябақ салып берді
14.09.2026, 20:18
Қазақстан экономикасы бәсекеге қабілетті 40 елдің қатарына енді
14.09.2026, 20:10
Медицина бірыңғай цифрлық кеңістікке көшеді
14.09.2026, 20:09