«KAZsport» телеарнасынан Олимпиада ойындарының көрсетілімі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«KAZsport» телеарнасынан Олимпиада ойындарының көрсетілімі басталды

06.02.2014
«KAZsport» телеарнасынан Олимпиада ойындарының көрсетілімі басталды
Сочидегі Олимпиада ойындарының алғашқы іріктеу ойындары бүгін басталды. Сноуборд сайысын «KAZsport» телеарнасы күндізгі сағат 11.55-те тікелей эфирде көрсете бастады.
 
Сочидегі Олимпиада ойындарын сондай-ақ, «Хабар» телеарнасы көрсетеді. Қазақстан аумағында ойындарды көрсету үшін  аталған екі телеарнаға айрықша құқық берілген.
 
Ал Олимпиаданы басқа жолдармен немесе рұқсатсыз көрсеткендер  қолданыстағы заңнама аясында жауапқа тартылады.

Хабарламаларға жазылу