Ұлттық арнада – «Сочи-2014» күнделігі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнада – «Сочи-2014» күнделігі

06.02.2014
Ұлттық арнада – «Сочи-2014» күнделігі
Төрт жылда бір айналып келетін дүбірлі спорт додасында спортшылардан күтер үміт көп. 
 
Бүгін Сочиде спорттың үш түрі бойынша іріктеу жарыстары басталды. Спортшылар сноуборд, фристайл және мәнерлеп сырғанау бойынша бақтарын сынамақ. Айта кету керек, мәнерлер сырғанаудан ерлер арасындағы командалық жарыс жаңа спорттық бағдарлама болып отыр.
 
Олимпиаданың алғашқы күнінде жерлестеріміз могулден сынға түседі. Іріктеу кезеңіне фристайлшылар Юлия Галышева мен Дарья Рыбалова қатысады.
 
Төрткүл дүние көз тіккен Сочи Олимпиадасында бақ сынайтын ел спортшыларының жарысқа дайындығын Ұлттық арнадағы «Сочи-2014» күнделігінен тамашалай аласыздар.
 
Саңлақ спортшылардың жеңісін Ұлттық арнадан 23.10-да бірге көрейік!

Хабарламаларға жазылу