Зарина Диасты Қазақстан теннис федерациясы қаржыландырмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зарина Диасты Қазақстан теннис федерациясы қаржыландырмайды

04.02.2014
Зарина Диасты Қазақстан теннис федерациясы қаржыландырмайды
Қазақ теннисшісі Зарина Диас Қазақстан теннис федерациясымен келісімшартын үзгелі екі жыл болған. Бұл туралы ол vesti.kz сайтына берген сұхбатында мәлімдеді.
 
«Мен екі жылдан бері Қазақстан теннис федерациясымен (ҚТФ) келісімшартта емеспін»,- деді теннисші.

Демек, Зарина Диастың халықаралық жарыстарға қатысуын Қазақстан теннис федерациясы қаржыландырмайды.

Федерация қаржыландыратын теннисшілер қатарына Ярослава Шведова, Галина Воскобоева, Юлия Путинцева, Михаил Кукушкин, Андрей Голубев кіреді. Бұл спортшылардың барлығы Ресейден келген, деп жазады alaman.kz.

Хабарламаларға жазылу