Сұрмерген – Роман Мұртазаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сұрмерген – Роман Мұртазаев

03.02.2014
Сұрмерген – Роман Мұртазаев

Санкт-Петербург қаласында аяқталған футболдан Достастық Кубогында қазақстандық Роман Мұртазаев ең үздік шабуылшы атанды. Қазақстан жастар құрамасының және «Шахтер» футбол клубының ойыншысы қарсыластар қақпасын 5 рет көздеген.
 
 Бес рет гол соққандардың қатарында ресейлік Руслан Болов бар. Алайда ол екі мәрте пенальтидің көмегіне жүгінген. Үшінші орында төрт гол соққан тәжікстандық Абдурасул Рахмонов.
 
 Айта кетейік, Қазақстан жастар құрамасы Достастық Кубогында бесінші орынға ие болды. Ал турнир жеңімпазы – Украина.

Хабарламаларға жазылу