Зейнетақы қорындағы ақшаны түгелдей инвестицияға салуға болады
Енді зейнетақы қорындағы қаржыны түгел инвестициялық компанияларға салуға болады. Дұрыс жолын тапсаңыз, жинақты бірнеше есе көбейте аласыз. Қыркүйекте Еңбек кодексіне өзгеріс енгізілмек. Инвестициялық компанияны қалай таңдау керек? Келісімшартта нені ескерген жөн? Жанел Нұрболатқызы зерттеді.
Зейнетақы қорындағы қаржы инфляция есебінен құнсызданып кетсе, мемлекет енді оны өтемейді. Бұл өзгеріс келесі жылдан күшіне енеді. Демек, әр азамат өзі қарттыққа қазірден қамданып, жинағын инвестициялық не сақтандыру компаниялары арқылы көбейтуге кіріскені дұрыс, дейді мамандар.
Алтынай Қозиева, зейнетақы жинағын сақтандыру компаниясының өкілі:
Бірақ ол үшін нарықты білу керек. Қай компанияның акцияларын алған дұрыс. Мысалы, тесла, кока кола оларды бәріміз білеміз - олар көп пайда бермейді, бірақ тұрақты түрде 20 пайызға дейін көбейтуге болады. Мысалы мен алтын, уранға салдым ақшамды. Алтын мысалға 2 жылда 200 пайызға өсіп кетті. Сонда мен 10 миллион салсам үстінен қаншама пайда көрер едім.
Зейнетақы жинағындағы қаржыны еселеуге Үкіметтің өзі мүмкіндік беріп отыр. Қыркүйектен бастап Еңбек кодексіне өзгеріс енгізбек. Енді қазіргідей зейнетақы жинағының 50 пайызын емес, 100 пайызын инвестициялық компанияларға салып, көбейтіп алуға болады. Ол үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының бөліміне барып, өтінім жазасыз.
Жанел Нұрболатқызы, тілші:
Инвестициялық компанияны қалай таңдаймыз? Қайсысы тиімді? Әуелі invest. Enpf сайтына кіреміз. Осында инвестициялық компаниялардың табысын салыстыру деген батырма бар. Міне, елде тіркелген ең ірі 6 компанияның тізімі, олар жылына қанша табыс табады, зейнетақы активтерінің көлемі – бәрі көрсетілген. Мысалы, соңғы 12 айда ең көп табыс тапқан мына компания екен. Кірісі жылына шамамен 19 пайыз. Салыстырайық. Ақшаңыз инвестициялық компанияларға салынбай, зейнетақы қорында жата берсе, үстіне 19 емес, 10 пайыз ғана қосылып отырады.
Сайттан компания табысты қандай жолмен тапқанын да түсіне аласыз. Акция, облигация әлде депозитті пайдалана ма? Ол да егжей-тегжей жазылған. Бірі эпл, майкрасофт акцияларын сатып алса, енді бірі мемлекеттік облигациялардың арқасында пайда көріп отыр екен. Бұл ретте де қайсысын таңдасақ ұтылмаймыз?
Ләззат Нұрғалиқызы, экономист:
Қытайдың мынадай мақалы бар, жұмыртқаның бәрін бір себетке салма дейді. Сіз зейнетақы жинағыңызды бөліп-бөліп әр компанияға салсаңыз болады. Ол алтынға болуы мүмкін, ол мұнайға болуы мүмкін. + 09 Геосаяси жағдайлар әсер етеді. Біз күні ертең не боларын білмейміз. Сондықтан да бөліп-бөліп салуға кеңес беремін.
Сонымен инвестициялық компаниялар арқылы зейнетақы қорындағы қаржыңызды 2 есе көбейтуге болады. 2 есе азайып кетуі де әбден мүмкін. Десе де, алдағы уақытта бұл күнкөріске жететін зейнетақы алудың жалғыз жолына айналады. Нарықты зерделеу оңай шаруа емес. Сондықтан жинағыңызды инвестициялық компанияға салмас бұрын ең дұрысы – маманға жүгініп, кеңес алу, дейді экономист. Тағы бір ескеретін жайт, келісімшартқа мұқият мән беріңіз. Компаниялар қулыққа барып, ұсақ шрифт не өзге де жолдармен алдап кетпеуі үшін келісімшартты маманға көрсетіп алсаңыз қаржыңыздан қағылмайсыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы