Сыр жұртшылығы олимпиадашыларға қолдау көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сыр жұртшылығы олимпиадашыларға қолдау көрсетті

03.02.2014
Сыр жұртшылығы олимпиадашыларға қолдау көрсетті

Сочи қаласында өтетін қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан құрама командасына Сыр жұртшылығы да қолдау көрсетеді. Қызылорда қаласы «Мұз айдыны» спорт кешенінде «Жеңіске бірге жетейік!» атты акция өтті.
 
 Шара барысында облыстың жас мәнерлеп сырғанаушылары мұз үстінде өнер көрсетіп, музыкалық көріністер қойды.   Акцияға қатысушылар ақ Олимпиадада ел намысын қорғайтын спортшылардың көк туды желбірететініне сенімді.
 
Сағындық Қожахметов, акцияға қатысушы:
Қазақстан Республикасының құрама командасына сәттілік тілейміз.  Олимпиада қарсаңында акция өткізіп, өзіміздің қолдауымызды білдіріп жатырмыз. Қазақстан командасына көп алтын тілейміз. Көк туымыз желбірей берсін!
 
 
 
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу