Биыл елімізде 12 мың шақырым инженерлік желі жөнделеді
Биыл елімізде 12 мың шақырым инженерлік желі жөнделеді. Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асырып жатыр. Қазір жылу жүйелерінің 50%-ы тозған. Ал электр желілерінің 66%-ы ескірген. Олар алдағы үш жыл ішінде жаңартылады. Ұлттық жоба аясында отандық өнеркәсіпті қолдауға да ден қойылмақ: коммуналдық секторды жаңартуға қажет жабдықтың барлығы дерлік – отандық өнім. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардан бөлек, 27 жаңа өндіріс орны ашылады. Жобаға 13 триллион теңге бөлінген.
Асан Дарбаев, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:
Оның ішінде коммуналдық секторға – 6,8 трлн теңге және энергетика секторына – 6,2 трлн теңге қарастырылған. Нәтижесінде желілік инфрақұрылымның тозуы ел бойынша орта есеппен 40%-ға дейін қысқарады деп күтілуде.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16