Елімізде 3 жылда 40 мың тұрғын жаңа баспанаға көшіріледі
Елімізде апатты жағдайда тұрған 4 мыңнан астам көппәтерлі үй бар. Олардан тұрғындарды көшіру үшін шамамен 3 трлн теңге көлемінде инвестиция керек. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен арнайы брифингте айтылды. Жауапты комитеттің сөзінше, қаржы құюға дайын инвесторлар аз емес. Алдағы үш жылда 40 мың тұрғынды ескі үйден көшіріп, жаңа баспана беру көзделген. Былтыр 100-ге жуық үй сүрілсе, биыл тағы 200-ден астамын бұзу жоспарланған.
Қанат Мыңбаев, ҚР Өнеркəсіп жəне құрылыс министрлігі комитет төрағасының орынбасары:
Жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етілген меншік иелерінің саны 2605 адам. Қазіргі уақытта әкімдіктер апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзу, нарықтағы тұрғын үйлерді сатып алу арқылы қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізуде.
Комитет өкілдерінің айтуынша, тұрғындар ескі үйден жаңа тәртіппен көшіріледі. Баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі Жол картасы қайта бекітілді. Енді тұрғынның ескі үйінде қанша бөлмелі пәтер болса, жаңасында да сонша болуы тиіс. Мысалы, бұрын 2 бөлмелі 50 шаршы метр баспананың орнына дәл сондай аумақта, бірақ бір бөлмелі пәтер берілуі мүмкін еді. Бұдан былай тұрғындардың мүддесі қатаң бақылауда болады. Сондай-ақ, олар жаңа баспананың орнына қаржылай өтемақы алуға да құқылы. Үйдің бағасын арнайы комиссия бағамдайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы