Борышкерлер Finkelisim.kz сайты арқылы өтінім бере алады
Қазақстандықтар банктерге шамамен 1 триллион теңге қарыз. Қаржы ұйымдары уақытылы төленбеген соманы коллекторлар арқылы қайтармақ. Аналитикалық орталықтар осындай дерек келтірді. Бұрын борышкерлер қарызды өтеу үшін біраз құжат жинап, әбігерге түсетін. Бірнеше банкте қарызы болса, әрқайсымен жеке-жеке келісетін. Енді бір ғана Finkelisim.kz деген сайттан онлайн өтінім бере алады. Ол барлық кредиторларға автоматты түрде жетеді. Бірақ платформаны қолданудың талаптары бар. Біріншіден, бұл жүйені кемінде 2 банкке қарыз азаматтар ғана қолдана алады. Сондай-ақ берешек 90 күн бойы төленбеген болуы тиіс. Әрі Finkelisim сайты қарыздың жалпы сомасы 648 мың мен 7 миллионға дейін болса ғана жұмыс істейді. Одан аз болса, банкке бару керек.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16