Дубайға ұшу уақытша тоқтатылды
Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Қазақстаннан Араб Әмірліктеріне ұшуы тиіс рейстер қайтадан уақытша тоқтатылды. Мұны Air Astana әуе компаниясы хабарлайды. Компания 13 және 14-шілдеге жоспарланған Алматы – Дубай, Астана – Дубай және кері бағыттарды тоқтатты. Жолаушыларға билет ақысы түгел қайтарылады немесе басқа күнге ауыстырып алса болады. «Әуе компаниясы жағдайды мұқият бақылап, отандастарымызды қайтарып жатыр», - делінген хабарламада.
Автор
Жанел Нұрболатқызы