«Сарыарқаның» кезекті жеңісі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сарыарқаның» кезекті жеңісі

13.01.2014
«Сарыарқаның» кезекті жеңісі

«Сарыарқа» хоккей командасы «Тверьмен» кездесті. Алаң иелері фаворит болса да,  алғашқы кезеңде қарсыластың осал тұсын таба алмады. Тек екінші кезеңнің бел ортасында  Вадим Голубцов есепті ашып, «Сарыарқаны» алға шығарды.

 
Осыдан кейін Кирилл Старцев таразы басын теңестірген болатын. Алайда, кездесу тағдыры қосымша уақытта шешілді. Жүйкелері сыр берген «Тверь» ойыншылары жиі тәртіп бұзып, төрешілердің шешімімен олардың бірі ойыннан шеттетілді. Осы сәтті ұтымды пайдаланған «Сарыарқа» хоккейшілері жеңіске жетті.
 
Шайба  авторы  -  Ален Гуле. Жоғары хоккей лигасының соңғы үш турында қарсыласынан басым болған Қарағанды облысының командасы  турнир кестесіндегі жағдайын біршама жақсартты.
 
Душан Грегор, «Сарыарқа» ХК бас бапкері:
Шиеленіскен тартысты сәтке толы ойын болды. «Тверь» командасы оңай шағыла салатын жаңғақ емес. Командалық тактикасы қалыптасқан ұжым. Не дегенмен, біз жеңіске жетіп, қажетті ұпайды қоржынға салдық.
 
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу