ҚХЛ. «Торпедо» - «Барыс» 7:2 - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚХЛ. «Торпедо» - «Барыс» 7:2

10.01.2014
ҚХЛ. «Торпедо» - «Барыс» 7:2

Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы аясында Ресейдің Нижний Новогород қаласының «Торпедо» командасынан ұтылды. Ойында есепті айдын иелері 7-минутта ашты. Голдың авторы - Денис Паршин.

 
Бірінші кезең соңына дейін жерлестерімізден Талғат Жайлауов көзге түсіп, есепті теңестіре білді. Екінші кезеңде қарсыластар «Барыс» қақпасына 4 шайба соқты.
 
«Барыс» барын салып, Найджел Доустың көмегімен таблодағы көрсеткішті бір ұпайға арттырса, үшінші кезеңде «Торпедо» Виталий Еремеев қорғаған қақпаға жауапсыз 2 гол соқты. Қорытынды есеп 7:2.

Хабарламаларға жазылу